Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру
Іске асыру кезеңі
2024 - 2026 жж. (36 ай)
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Білім беруді жаһандандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерін ақпараттық білім беру ортасында жұмыс істеуіне кәсіби, әдістемелік дайындау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау, теориялық негіздеу және әдістемелік қолдау ресурстарын дайындау.
ЖОБА МІНДЕТТЕРІ
1. «Ақпараттық білім беру ортасы», «Ақпараттық білім беру ортасы мүмкіндіктерін қолдану бойынша мұғалімнің құзіреттілігі» түсініктері, «ХХІ ғасырдағы маңызды дағдыларды қалыптастырудағы ақпараттық білім беру ортасының ролі» мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізу.
2. Анықтау эксперименті барысында Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында сауалнама өткізу.
3. Ақпараттық білім беру ортасының физика мұғалімінің кәсіби қызметінің мазмұнын жетілдіру мен физика бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелерге жетудегі мүмкіндіктерін анықтау.
4. В010 «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша физика мұғалімдерін даярлаудың қазіргі жай-күйін, білім беру бағдарламаларын, силлабустарды талдау,
5. Тәжірибелі физика пәні мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім алушылардың қатысуымен форсайт сессия өткізу нәтижесінде болашақ физика мұғалімдерін даярлау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау,
6. Физика пәні мұғалімдеріне ақпараттық білім беру ортасы мүмкіндіктерін кешенді таныстыруға мүмкіндік беретін білім беру платформасын құру.
7. Физика мұғалімдері үшін ақпараттық білім беру ортасы құралдарын кешенді пайдалану бойынша жаппай ашық онлайн курстың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу. В010 «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларына арналған «Ақпараттық білім беру ортасындағы педагогикалық дизайн» элективті курс бағдарламасын дайындау.
8. Зерттеу нәтижелерін талдау, түзету шараларын жүргізу және ұсыныстар әзірлеу.
ЗЕРТТЕУ ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы
Жоба жетекшісі, PhD, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, физика және математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, постдокторант